Қазақ тіліндегі 100 оқулық "Отырар" кітапханасында таныстырылды

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ғимаратында (Пушкин көшесі, 11) 104 мәжіліс залында Журналистика және саясаттану факультетінің студенттері, магистранттары мен докторанттарына, сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 оқулық" жобасы аясында шыққан алғашқы оқулықтарды оқу үдерісінде пайдалану мақсатында таныстыру жұмыстары өткізілді.

Ғылым-білімді үйретуге арналған әлемдік танымал оқулықтар Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ білімгерлерінің қолына қазақ тілінде жетіп отыр. Университет кітапханасының қорын толықтыра түскен осы кітаптарды әркім оқып, білімдерін жетілдіріп, ғылыми жұмыстарына пайдалана алады.

Оқулықтарды таныстыру барысында Журналистика және саясаттану факультетінің деканы ф.ғ.к. профессор Қайрат Сақ "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 оқулық" жобасының маңыздылығын атап өтіп, білім алушылар мен профессор-оқытушыларды құттықтады.