«Біріккен Ұлт жеңеді!» атты бейне роликтердің халықаралық байқауын жариялаймыз

ХАБАРЛАМА

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің туған күні Күлтегін күні мен Журналистика және саясаттану факультетінің құрылғанына 10 жыл толуына орай

«Біріккен Ұлт жеңеді!» атты бейне роликтердің халықаралық байқауын жариялайды.


Байқаудың мақсаты – халықаралық деңгейде Қазақ Елінің жаңа дәуірдегі жетістіктерін насихаттау, жастардың болашаққа деген сенімдері мен көзқарастарын көрсету, отансүйгіштік сезімдерін күшейту.
Байқаудың шарты бойынша қатысушылар ұлтымыздың рухани мұрасына өлшеусіз үлес қосқан Абайдың 175 жылдығына арналған елдік мұраттар, бейбіт өмір мен келісім тақырыптарына арналған, ЕҰУ мен Журналистика және саясаттану факультеті туралы бейне материалдарын ұсына алады.

«Біріккен Ұлт жеңеді!» халықаралық байқауы нәтижесінде 1-ші, 2-ші және 3-ші орындарды иеленген үздік бейне роликтер авторлары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті тағайындаған Құрмет грамоталар мен алғыс хаттармен, арнайы жүлделермен марапатталады.

Байқауға халықаралық байқауға шетелдік жоғары оқу орындарының білім алушылары, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің және еліміздің басқа да жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары мен докторанттары қатыса алады.

Бейне материалға қойылатын мазмұндық және техникалық талаптар:
Атауы – қысқа, есте тез сақталатын креативті, бейнелі болуы тиіс;
Тілі – қазақша; орысша және ағылшынша;
Хронометражы: 1.30 – 2 минуттан аспауы керек;
Форматы: .MOV; .MPEG4; .MP4; .AVI

«Біріккен Ұлт жеңеді!» халықаралық байқауына қатысуға өтінім формасы:
1. Байқауға қатысушының аты-жөні, тегі
2. Қатысушының азаматтығы, толық адресі
3. ЖОО толық атауы, факультеті, мамандық атауы, курсы мен тобы
4. Байланыс мәліметтері (электронды пошта, телефон)
5. Жетекшінің аты-жөні, тегі
6. Байқауға ұсынылған бейне роликтің сипаттары (тақырыбы, хронометражы, форматы)

Бейне материалдарды қабылдау 2020 жылдың 15-ші мамыры Астана уақыты бойынша сағат 20.00-ге дейін жүргізіледі. Электронды поштаның адресі: ultmediakz@gmail.com