«Хабар» агенттігі журналистерінің студенттерге арналған онлайн дәрістердің онкүндігі басталды

Еуразия ұлттық университеті мен "Хабар" агенттігі арасындағы меморандум негізінде жүзеге асып жатқан онлайн дәрістердің онкүндігі басталды. Шара «Хабар» агенттігінің 25 жылдығы мен Журналистика және саясаттану факультетінің 10 жылдығы аясында өтіп жатыр. Zoom платформасы арқылы өткізілген шеберлік сыныбы барысында жүздеген студент қатысып, "Заманауи медиядағы тенденциялар мен жаһанды жалмаған коронавирус ахуалын жан-жақты әрі дұрыс жеткізе білудің қыр-сыры қандай? Журналистика және саясаттану факультетінің студенттері медиадағы трендке, пандемия кезіндегі ақпаратты тарату ерекшелігі" сияқты өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жауаптар алды. EL ARNA телеарнасының директоры Арман Балтабайұлы, ақпаратты дер кезінде жинақтап, ең маңыздысын анықтап, бәрін орын-орнына қойып, соны эфирге дер кезінде жеткізе білуде өзінің тәжірибесімен бөлісіп, журналист көрермен мен тыңдарманға сенімді ақпарат тарату маңыздылығын баса айтып, кеңестерін берді. Осындай онлайн-кездесулер алдағы он күнде жалғасын таппақ.