«Ақпараттық-аналитикалық жұмыс: талдау дағдылары және құжаттарды дұрыс әзірлеу»

2018 жылдың 22 қарашасында доцент Тулепбаева Меруерт  Кенжебайқызы Саясаттану мамандығының 1 курс магистранттарының  «Саяси сараптама» пәні барысында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеу институтының профессоры Жолдыбалина Алуа Серікқызымен бірлесе «Ақпараттық-аналитикалық жұмыс: талдау дағдылары және құжаттарды дұрыс әзірлеу» атты мастер-класс өткізді. Мастер-класс барысында Алуа Серікқызы қазіргі таңда зерттеу институтында жүзеге асып жатқан зерттеулердің жұмыс процесімен бөлісті. Профессор саясаттанудағы сараптама және талдау жүргізудегі басты әдістермен таныстырды. Сонымен қатар, институтта қолданылатын тиімді зерттеу әдістерін көрсетті. Мастер-класс үстінде магистранттар кішігірім зерттеу жұмысын жүргізіп, алған білімдерін толыққанды шыңдады.