«Мемлекеттік саясатты қалыптастырудағы саяси шешім қабылдау процедурасы және кезеңдері, механизмдері» атты дәріс өтті

Бүкіләлемдік пандемияға байланысты университетіміз биылғы оқу жылында қашықтықтан оқу жүйесіне көшкен болатын. Саясаттану кафедрасының студенттері, магистрантары мен докторанттары онлайн жүйеде өз белсенділіктерін арттырып, білімге деген құштарлықтарын танытып жатыр.

Соның бір көрінісі ретінде 2-курс докторанттары педагогикалық практика аясында кафедрамыздың студенттеріне ашық сабақтар өткізуде. Докторант Омарова Тойжан Маратқызы 2020 жылғы 24 қыркүйекте Microsoft Teams платформасында С-33 тобына «ҚР ішкі және сыртқы саясаты» атты пәннен ашық сабақ өткізді. Дәрістің тақырыбы «Мемлекеттік саясатты қалыптастырудағы саяси шешім қабылдау процедурасы және кезеңдері, механизмдері». Дәріс барысында лектор саяси шешімнің мәні, құрылымы, алғышарттары мен технологияларына егжей-тегжейлі тоқтап, студенттерге алгоритмі бойынша нақты баяндады. Әсіресе 21-ғасырда қарқын алып жатқан интернет-технологиялар, краудсорсинг және онлайн –петиция тақырыптары кеңінен қозғалды.

Ашық сабаққа студенттермен қатар, докторанттар, оқытушылар қатысты. Эдвайзер Г.С. Абдрахманова мен пән оқытушысы М.К. Тулебаева тараптарынан докторант Т.М. Омарованың өткізген ашық сабағы жоғары бағаланып, жағымды пікірлер айтылды.