«Қоғам және жастар» тақырыбында 1 курс студенттерімен онлайн семинар өткізілді

Нұр-Сұлтан қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Департаменті жанынан құрылған ақпараттық үгіт-насихат штабының мүшесі, «Әдеп» жобалық кеңсесінің жетекшісі, заң ғылымдарының кандидаты Еркебұлан Нұғманов студенттік кинотеатрда бүгін, яғни, 28 қаңтар күні кешкі сағат 17.00-де онлайн режимінде «Әдеп» белсенділерімен «Қоғам және жастар» тақырыбында 1 курс студенттерімен онлайн семинар өткізілді.

      Әдеп және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкіл ретінде сыбайлас жемқорлық фактілерін алдын алу, анықтау және осыған қатынасты тәуекелдерді талдау, сонымен қатар жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткізілген шараға Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Ректорының сырткы байланыс жөніндегі кеңесшісі Зейнуллин Серикбол мен Журналистика және саясаттану факультеті Баспасөз және баспа ісі кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Әшірбекова Гүлмира Шайтмағанбетқызы қонақ ретінде қатысты.

      Кездесу барысында доцент Гүлмира Шайтмағанбетқызы студенттер тарапынан қойылған «Қоғам және жастар» тақырыбы аясындағы барлық сұрақтарға тұшымды, түсінікті жауап берді.

      Ағымдағы оқу жылының ІІ семестрінде дәстүрлі форматта оқуға келіп жатқан 1 курс студенттерінің тәртібі ерекше бақылауға алыну қажеттігі мен сабаққа дер кезінде қатысуы бақылауға алынатыны ескертілді.

      Эфир соңында Еркебұлан Еркінұлы семинарға арнайы уақыт бөліп қатысып, қажетті ақпараттар мен ұсыныстарын бөліскені үшін қонақтарға зор алғысын білдірді.