«Республика күні – ұлттық мереке» тақырыбында «Біріккен Ұлт жеңеді!» атты III халықаралық байқау жарияланды

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті «Республика күні – ұлттық мереке» тақырыбына арналған «Біріккен Ұлт жеңеді!» атты III халықаралық бейне-материалдар байқауын жариялайды.

Байқаудың мақсаты – Қазақ Елінің жаңа дәуірдегі жаңару жолын, жетістіктерін Республика күніне ұлттық мереке мәртебесінің берілуін қолдау және түсіндіру, халықаралық деңгейде насихаттау арқылы жастардың болашаққа сенімі мен отансүйгіштік сезімдерін нығайту.

Байқаудың шарты бойынша қатысушылар әлемдік саясаттағы өзгерістерге, жаңару тенденцияларына, тәуелсіздік пен ұлтымыздың рухани, мәдени мұрасын, бейбіт өмір мен келісім тақырыптарына арналған, сонымен бірге Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ және өз университеттері туралы бейне материалдар ұсына алады.

«Біріккен Ұлт жеңеді!» III халықаралық бейне материалдар байқауының жеңімпаздарын марапаттау

Гран-При, I, II және III орындарды иеленген және арнайы номинациялар бойынша үздік деп танылған бейне роликтер Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен және арнайы жүлделермен, сыйлықтармен марапатталады.

Байқауға қатысушылар – шетелдік және отандық университеттердің

білім алушы студенттері мен магистранттары, докторанттары.

Бейне материалға қойылатын мазмұндық және техникалық талаптар:

атауы – қысқа, есте тез сақталатын креативті, бейнелі болуы тиіс;

тілі – қазақша, орысша немесе ағылшынша;

хронометражы: 1.30 – 2 минуттан аспауы керек;

форматы: .MOV; .MPEG4; .MP4; .AVI

«Біріккен Ұлт жеңеді!» халықаралық байқауына қатысуға Өтінім формасы

1.

Байқауға қатысушының аты-жөні, тегі

 

2.

Қатысушының азаматтығы, толық адресі

 

3.

Университеттің толық атауы, факультеті, мамандық атауы, курсы мен тобы

 

4.

Жетекшінің аты-жөні, тегі

 

5.

Байланыс мәліметтері (электронды пошта, телефон)

 

6.

Байқауға ұсынылған бейне роликтің сипаттары (тақырыбы, хронометражы, форматы)

 

Халықаралық байқауды ұйымдастыру Комиссиясы бейне материалдарды 2023 жылдың 3 сәуірі мен 3 мамыр аралығында қабылдайды.

Байқауға қатысуға қажетті міндетті құжаттар мен талаптар:

1.     «Біріккен Ұлт жеңеді!» халықаралық байқауына қатысуға Өтінім

2.     Байқау талабына сәйкес мазмұнда және форматта әзірленген бейне материал

Электронды поштаның адресі: ultmediakz@gmail.com

Ұйымдастыру комитеті