Әріптестеріміз абырой биігінен көрінуде

Биыл – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 25 жылдығы. 2021 жыл жағымды жаңалықтармен басталып жатыр. Атап айтсақ, университеттің бір топ қызметкерлері, яғни бастауыш партия ұйым өкілдері өткен сайлауда белсенділік танытып, «Nur Otan» партиясының айқын басымдықпен жеңіске жетуіне қосқан үлесі үшін Елбасының Алғыс хатымен марапатталды. Еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың айрықша Алғыс хатына ие болған Журналистика және саясаттану факультетінің деканы, профессор Қайрат Өмірбайұлы Сақты айтулы жетістігімен құттықтаймыз!

Сондай-ақ, университетіміздің 16 оқытушысы «ЖОО үздік оқытушысы – 2020» байқауының жеңімпазы атанды. Оның ішінде Журналистика және саясаттану факультетінің доценттері Ұлбосын Мейірбекқызы Есенбекова мен Бағыш Ахметқызы Ғабдуллина да аталған тізімді толықтырып, факультет мерейін асқақтатуда.

Осы орайда, Алғыс хатты салтанатты түрде табыс еткен білім ордамыздың басшысы, академик Ерлан Бәтташұлы марапатқа ұсынған партия жетекшілеріне риясыз ризашылығын білдірді.

Сонымен қатар, Тәуелсіз Қазақстанның зияткерлік жастарын тәрбиелеу жолында еңбек етіп жүрген «ЖОО үздік оқытушысы – 2020» байқауының жеңімпаздарын құттықтады.

Біз де өз тарапымыздан әріптестерімізді мәртебелі марапаттарымен құттықтап, отбасыларына амандық, еңбектеріне табыс тілейміз!