"Телерадио және байланыс кафедрасы" докторанттарының педагогикалық іс-тәжірибеден өтуі

«Журналистика» мамандығы бойынша PhD бағдарламасының негізгі мақсаты білім беру процесін жоғары сапалы ғылыми-педагогикалық мамандарды халықаралық принциптеріне сай дайындау. Осы мақсатта 2018 жылғы 3 қыркүйек пен 22 қыркүйек аралығында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің журналистика және саясаттану факультетінің 2-курс докторанты ретінде педагогикалық тәжірибеден өттім. Филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ұлбосын Мейірбекқызы Есенбекованың жетекшілігімен телерадиожурналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының магистранттарына бұқаралық ақпарат құралдарының тыныс-тіршілігі мен қоғамдағы алатын орнына байланысты дәрістер өткіздім. Олардың қатарында М1-50400-01 тобына «Ақпаратты жеткізудің медиааралық стратегиялары» пәні бойынша «Трансмедиалық баяндаудың (траснмедиалық сторителлинг) анықтамалық негіздері. Қолдану бағыттары мен ерекшеліктері» тақырыбында өткізілген ашық сабақты атауға болады. 2018 жылғы 1 ақпан  жағдай бойынша Қазақстан Республикасында 2 915 БАҚ тіркелінген. Жалпы құрылымның басым көпшілігі 2 543 (87,3%) – мерзімді баспасөз, 178 (6%)  – электрондық БАҚ, 194 (6,7%) - ақпараттық агенттіктер мен желілік басылымдар құрайды. Осы орайда, бүгінгідей жаңа медиа мен дәстүрлі журналистиканың бәсекелестігі ұлғайған уақытта, еліміздегі 3000-ға жуық бұқаралық ақпарат құралдарының өніміне аудиторияның сұранысын қалай арттырамыз деген өзекті сұрақтарға магистранттармен бірге отандық медиа саласын дамыту жолдары қарастырылды.

Осы орайда трансмедиялық баяндау әдістерін медиа өнімдерді насихаттаудың маңызы ерекше зор екенін атап айту керек. «Трансмедиа» сөзі әлемде танымал болып келеді. Шетелдік конференцияларда баяндамалар мен пікірталастарда негізінде бұл ұғым барған сайын кеңінен қолданылып, тақырыптарға арқау болып келеді. Transmedia – бұл әртүрлі медиа-платформаларды құралдарын пайдалану арқылы ақпараттандыру және тарату тәсілі. Медиа платформалар: теледидар, кітаптар, веб-сайттар, әлеуметтік желілердегі хабарламалар және басқалар, афишалар, плакаттар, презентациялар, компьютерлік ойындар және тағы басқалар. Бұл әдіс арқылы таралған ақпарат жақсы есте қалады және адамдардың қызығушылығын тудырады. Ашық сабақ барысында магистранттар трансмедиалық баяндаудың әлемдік медиа кеңістікте қолданылған мысалдарын және отандық БАҚ-ғы қолданыс аясы туралы мысалдар келтірді. 
Студиялық сабақ барысында магистранттар отандық теле-радио хабарларына талдау жасалып, жобалардың тұжырымдамасын жасалу жолдарын меңгерді. Сондай-ақ, «Телепублицист Ғ.М.Шалахметовтің шығармашылық шеберханасы» пәні бойынша «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақ ұлттық телеарнасының дамуындағы жаңа мүмкіндіктер» практикалық сабақта 60 жылдық тарихы бар Қазақ телевизиясы, ондағы тарихымыздың таспаға басылған ыстық беттері, мәдениетіміздің өшпес мұрасы, ардақты тұлғаларымыздың жарқын бейнесі сақталған хабарлар, сондай-ақ телевизия тарихымен танысты. «Қазақстан» телеарнасы Басқарма төрағасының кеңесшісі Жанар Шәмел телевизия майталмандары Сағат Әшімбаев, Шерхан Мұртаза, Сұлтан Оразалин, Құсман Игісіновтың шығармашылық жолы мен олар әзірлеген телебағдарламаларға шолу жасады. Сонымен қатар, отандық телеарналардағы қоғамдық-саяси, аналитикалық хабарлар, ойын-сауық, танымдық бағдарламалар, әлемнің түкпір-түкпірінен барлық маңызды оқиғаларды қамтитын  жаңалықтар, ұлттық құндылықтар мен мәдениетімізді дәріптейтін тың жобалар, деректі фильм мен телехикаялардың мазмұны мен жасалу жолдары туралы кеңінен баяндалды. 
Педагогикалық тәжірибеден өту барысында факультет студенттері «Қазмедиаорталығы» тыныс-тіршілігімен танысты.

Теориядан тәжірибеге, университет қабырғасынан телеарналар орналасқан алпауыт, заманауи медиа ордасына барып, ондағы телеарналардың студияларын аралап, монтаждау, дыбыс жазу, операторлық өнермен қатар, тікелей эфир табиғатын меңгеруге магистранттар үлкен ықыласпен көңіл бөлді.

Телевизияның кәсіби білікті мамандарымен кездесіп, олардың шығармашылық ұстаханасынан өтіп, сабақтан тыс уақытта етене араласуды дәстүрлі түрде жалғастырып тұру жоспарланды.

Осылайша білікті оқытушы филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ұ.Есенбекованың және студенттермен тығыз қарым-қатынаста өткен қыркүйек айын ұстаз А.С. Макаренконың: «Егер менен педагогикалық тәжірибеңізге бір сөзбен анықтама беріңізші деп сұраса, былай дер едім: адамға мүмкіндігінше көбірек талап қойыңыз, адамды мүмкіндігінше көбірек сыйлаңыз» деген ұлағатты сөздеріне сүйеніп, педагогикалық білім беруге төселу үшін көп еңбектену керек деген оймен қорытындылағым келеді.

 

 Меруерт Құмарова, 2-курс докторанты