"Телерадио және қоғаммен байланыс" кафедрасы «Қазақстандағы PR: өзектілігі мен келешегі» атты халықаралық дөңгелек үстел өткізді

 

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасы ғылым апталығы аясында  «Қазақстандағы PR: өзектілігі мен келешегі» атты халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырды.

 

   

Дөңгелек үстелдің ғылыми бағыттары төмендегідей болды:

1.  Қазақстандағы PR-ға сараптама  жасап, ой-талқы жасау , ұсыныс  білдіру;

2. Отандық PR-дың келешегіне көз жүгірту, болжам жасау;

3. PR мамандарын дайындаудың заманауи үлгілері жайында пікір алмасу;

 

     

 

 

Кездесуге Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері, магистранттары және республиканың басқа да жоғары оқу орындарынан келген жастар қатысып, баяндама жасады. Жиын барысында жас ғалымдар отандық PR-ға сараптама  жасап, өз ойларын ортаға салды, PR-дың келешегіне көз жүгіртіп, жоспарларын айқындады. Дөңгелек үстелді кездесуде модератор болған  фил.ғыл.канд.доц. Б.Иманғалиев қорытып, қатысушыларға өз алғысын білдірді.