«Телерадио және қоғаммен байланыс» кафедрасында «Манипуляцияның аудиторияға ықпал етудегі рөлі» атты ашық сабақ өткізілді

13-ші қараша күні «Телерадио және қоғаммен байланыс» кафедрасының «6M051400 – Қоғаммен байланыс» мамандығының ІІ курс магистранттары Ахметова Жұлдыз, Ибатолла Гауһар және Кенжебаева Назым «Манипуляцияның аудиторияға ықпал етудегі рөлі» атты тақырыпта арнайы ашық сабақ өткізді

Ашық сабақ «Телерадио және қоғаммен байланыс» кафедрасының доценті, Филология ғылымдарының кондидаты Тұржан Оңайгүл Ізтұрғанқызының жетекшілігімен «Журналистика» және «Қоғаммен байланыс» мамандығының бакалавриятында оқитын ІІ курс студенттері үшін «Имиджалогия» пәнінің негізінде ұйымдастырылды. 

Магистранттар Ахметова Жұлдыз, Ибатолла Гауһар және Кенжебаева Назым манипуляцияның пиар саласында қолданылуы, қоғаммен байланыс мамандары үшін ашық,тиімді тұстары, манипуляцияның әдіс-тәсілдерін кәсіби түрде игере білу тәрізді жайттарға тереңірек тоқталып, теориясына аса назар аударылды. Сонымен қатар, тәжірибе жүзінде түрлі мысалдар келтіріліп,студенттерге тақырып аясында әзірленген бейнесюжет көрсетілді. Болашақ пиаршылар мен журналисттер өз кезегінде тақырып аясында өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, тиісті жауаптарын алды.

Ашық сабаққа Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің «Телерадио және қоғаммен байланыс» кафедрасының меңгерушісі Рыстина Индира Садыбекова қатысты.  Сабақ соңында ғылыми жетекшісі Оңайгүл Ізтұрғанқызы магистранттардың өткізген ашық сабағын» жоғары бағалап, алда ескере жүретін біршама жайттарға тоқталып өтті.