"Телерадио және қоғаммен байланыс" кафедрасында "Мемлекеттік органдар жұмысындағы PR-дың ұтымды технологияларының көріністері мен қолданылуы" атты ашық сабақ өткізілді

8 қараша күні «Телерадио және қоғаммен байланыс» кафедрасының «6М051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығында жоғары оқу орнынан кейінгі білім алып жүрген ІІ курс магистранттары Дана Шакарман, Меруерт Айтқазықызы-Тұрлыханова және Хасен Молдабаев Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған жолдауы аясында Үкімет тарапынан атқарылатын және орындалып жатқан шаралар туралы, онда қолданылған PR-технологиялары жөнінде арнайы ашық сабақ өткізді.

Ашық сабақ Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті (of Associate Professor), филология ғылымдарының кандидаты (PhD) Мырзантай Қожабайұлы Жақыптың ғылыми жетекшілігімен «5ВМ051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығының бакалавриатында ІІІ курста оқитын студенттер үшін «Медиакоммуникациядағы әлеуметтану» пәнінің негізінде ұйымдастырылды.

Магистранттар Дана Шакарман, Меруерт Айтқазықызы-Тұрлыханова және Хасен Молдабаев өздерінің биылғы оқу жылының соңына қарай қорғауға жіберілетін магистрлік диссертацияларының тақырыптарына сәйкес Елбасы жолдауларында мемлекеттік органдарға берілген тапсырмаларды талдай келіп, ақпаратқа қол жеткізу: халықтың Үкіметпен қоғамдық қатынасы, денсаулық саласындағы қоғамдық байланыстың өзекті мәселелері және білім саласында жүргізіліп жатқан оң өзгерістер жөніндегі өздерінің ғылыми тұжырымдарын ортаға салды.

Студенттер магистранттарға талқыланған тақырыптар төңірегінде өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Атап айтқанда, еліміздің жастарына, оның ішінде білім алушы жастарға қатысты — мемлекеттік грант, жатақханамен қамтамасыз ету мәселелеріне баса көңіл бөлінді. Баршаға мәлім, алдағы 2019 жылды Президентіміз «Жастар жылы» деп жариялады

Сонымен қатар, ашық сабаққа қатысқан Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының аға оқытушылары Айжан Пернебекқызы және Күлнаш Әжібекқызы Қошанова «6М051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығынның ІІ курс магистранттары Дана Шакарман, Меруерт Айтқазықызы-Тұрлыханова және Хасен Молдабаев өткізген арнайы ашық сабақтардың сапасын жоғары бағалап, өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті.