"Телерадио және қоғаммен байланыс" кафедрасының 2 курс магистранты дресс-код тақырыбында кураторлық сабақ өткізді

«Қоғамдық байланыс» мамандығы бойынша 2 курс магистранты Хасен Молдабаев бакалаврда оқитын 3 курс студенттеріне дресс-код тақырыбында кураторлық сабақ өткізді. Хасен Молдабаев өзінің баяндамасында іскерлік киім үлгісіне, мектеп формасына, мемлекеттік қызметкерлердің киім кию әдебіне кеңірек тоқталды. Сонымен қатар, әр түрлі мекемелерде жұмыс істеу барысында киімге қатысты туындаған мәселелерді мысалға келтірді. 

Баяндама барысында магистрант бүгінгі таңда білім беру мекемелерінде хиджап мәселесі туралы жиі келіспеушіліктер орын алатынын атап өтті. Баяндамадан кейін осы тақырыпты студенттерде талқылап, өз ойларын айтты. Талқылау нәтижесі бойынша жастардың көпшілігі еркін киінгенді қалайтыны белгілі болды.