Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева

Основан 1996 году

Факультет журналистики и политологии


"Телерадио және қоғаммен байланыс" кафедрасының 2 курс студенттері «Хабар» арнасы жаңалықтар қызметінің тілшісі Бірлік Нұрмашевтың дәрісін тыңдады

2 курс студенттері «Хабар» арнасы жаңалықтар қызметінің тілшісі Бірлік Нұрмашевтың да дәрісін тыңдап үлгерді. Бірлік Берікұлы дәріс барысында болашақ журналистерге бірнеше құнды ақпаратымен бөлісіп, кәсіби кеңес берді. Солардың біразына назарларыңызға ұсынсақ. 

Сюжет жасау барысында:

-Эмоцияға бой алдыруға болмайды. Алты баласымен моншада күнелтіп жатқан ананың қиын жағдайын баяндап жатсаңыз да, сабырлы болыңыз. Шынайы, нақты ақпаратты тарату журналист ретіндегі басты мінедтіңіз, ал жаныңыз ашып, жүрегіңіз ауырып тұрса, жеке адам ретінде көмектесіңіз. Бірақ ол сіздің сюжетіңізге әсер етпеуі керек.

- Телевизиялық сюжеттің тілі қарапайым болуы керек. Ақпарат нақты әрі қарапайым жеткізілуі керек.  Детальдарға назар аударыңыз. Жалқыдан жалпыға өтетін әдістерді қолдануға болады.

- Ұяңдық - тілшінің жауы. Ұялшақ адам журналист, оның ішінде жаңалықтар қызметінің тілшісі бола алмайды. Барған жеріңізден мүмкіндігінше көбірек ақпарат алып, көрерменге  қызық сюжет ұсынуға тырысыңыз. Бірақ ұяңдықты жеңімін деп, шектен шығып кетпеңіз. Айналаңыздағылардың бәрінмен жақсы қарым-қатынаста болыңыз. Өйткені телаарнадағы тілшінің жұмысы оператор, жарық қоюшы, тіпті көлік жүргізушіге де байланып тұрады. 

- Эфирге шыққан адам киімге де назар аударуы керек. Түсірілім объектісіне қарай , түсіретін шараның форматына орай киетін киіміңізді ойластырып жүру керек. Парламент пен Үкіметте өтетін жиынға джинсы шалбармен бара алмайсыз, ал шаруақожалығынан костюм-шалбармен стендап жасау күлкілі көрінері анық. 

Жаңалықтар қызметінің  ең басты  ерекшелігі, талабы дейміз бе ол – сылтау айтуға болмайды. Сюжет эфирге шығуы керек, болды! Айтылды, орындалуы керек! Бүгін өткен шара туралы көрермен бүгін  хабардар болып отыруы керек.

Журналистика және саясаттану факультетінің студенті

Аяулым Ергеш