"Телерадио және қоғаммен байланыс" кафедрасының студенттері кезекті сабағын «Хабар» Агенттігінің базасында өтті

Қазақстанда алғаш рет Цифрлы медиа менеджерлерді оқытып жатқан Еуразия Ұлттық университеті  телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының 3  студенттері кезекті сабағын «Хабар» Агенттігінің базасында өтті. Бұл «көшпелі дәріс»  барысында Интернет жобалар дирекциясының қызметкерлері, нақтырақ айтсақ Ілгерілету бөлімінің бас редакторы Мақбал Дайырова, «ҚазақТВ» арнасының  SMM – маманы Әсем Мұсабекова мен «Хабар24» арнасының SMM – маманы Зухра Окенова өз тәжірбиелерімен бөлісті. Мәселен, телевизиялық өнімді әлеуметтік желіде жарнамалау, контентпен жұмыс істеу, оқырман сұранысына жауап бере отырып, олардың телеарна көрерменіне айналуына мүмкіндік жасау секілді маңызды мәселелерге тоқталды. Интернет жобалар дирекциясының жұмысымен жан-жақты танысқан студенттердің пікірі мынадай:

Азамат Махамбет :

«Цифрлы медиа менеджер» мамандығы бойынша оқып жатқан студент, 3 курс

«Хабар» Агенттігінің қызметкерлері өткізге бұл сабақтан мен командалық жұмыстың маңызды екенін түсіндім. Бір парақшаны екі тілде, екі маман жүргізеді деп ойламаппын. Бұл – біз үшін жаңалық болды. Ал SMM-мамандарының жұмысын нақты сандармен көрсетіп отыратын «Google analytics»-тің мүмкіндігі таңқалдырды. Өзім де қолданып көретін сияқтымын. 

 Ақтоты Елтай 

«Цифрлы медиа менеджер» мамандығы бойынша оқып жатқан студент, 3 курс

Бүгінгі нарықта мультимедиялық журналистикаға сұраныс артып келеді. Теледидардың алдында көрерменді, әлеуметтік желіде оқырманды қызықтырып, «ұстап» тұру оңай емес. «Google analytics» әлеуметтік желі қолданушылары туралы сараптама жасауға көмектесетін, сол арқылы сұранысқа қарай жұмыс жасау керектігін түсіндім. 

Назерке Сайлауова 

«Цифрлы медиа менеджер» мамандығы бойынша оқып жатқан студент, 3 курс

3 айдың ішінде фоллеверлер санын 1,5 есе қалай өсіруге болатынын білдім және соны жасап отырған мамандармен танысып, олардың жұмысын өз көзіммен көріп қайтқаныма қуанып тұрмын. 

Айсәуле Съезбек

«Цифрлы медиа менеджер» мамандығы бойынша оқып жатқан студент, 3 курс

Қазмедиа қабырғасында өткен кезекті сабағымызды практик мамандар өткізді. Спикерлер мемлекеттік арналардың SMM саласындағы ерекшеліктерін атап өтіп, талай жылдық тәжірбиелерін ортаға салды. 

Өндірісті өз көздерімен көру студенттер үшін әрқашан да қызық. Әсіресе ақпарат майданының жауынгерлері жұмыс істейтін Қазмедиа орталығындағы осы бір «көшпелі дәрісімізде» студенттер жан-жақты ақпарат алып қана қойған жоқ, мамандықтарына деген қызығушылықтары артып, қанаттанып шықты. Осындай мүмкіндікті беріп отырған журналистика және саясттану факультеті мен телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының басшыларына алғысымды білдіремін. 

Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының оқытушысы 

Жанна Алдабергенов