«Телерадио және қоғаммен байланыс» кафедрасының 3 курс студенттері танымал жиһангез блогер Динара Болатпен кездесті

«Цифрлы медиа менеджер» мамандығын оқып жатқан студенттермен кездесуге Динара Болат жай таңдалған жоқ. Соңғы кездері ол әлеуметтік желіде белсенді, танымал, қазақтілді блогерлердің бірі. Оның жазбаларының жастарға жол сілтеп, мотивация беріп жүргенін байқап жүрміз.  Бұл кездесуде блогер студенттерге әлеуметтік желідегі ақпараттық жауапкершілік туралы қызықты да құнды ақпараттарымен бөлісті.

Динара Болат "Жастардың санасы ашық, ақпарат қабылдауға бейім"- деп бастады сөзін, себебі кездесуге 1 мен 4 курс аралығында оқитын студенттер жиналған еді. Ол әлеуметтік желі мықты күш екенін, оның қазіргі уақытта біздің санамызға, болашағымызға және ең маңыздысы тұлға болып қалыптасуымызға үлкен әсері бар екенін айтты. 

Ақпаратты сүзгіден өткізе білуіміз керек

Әлеуметтік желі біз үшін дамуымызға үлес қосу керек, пайдасы болу керек. Ол біздің қолымызда екені белгілі. Сондықтан, ең алдымен өзімізге не қажет екенін анықтап аламыз. Егер кез-келген ақпаратты сүзгіден өткізбей қабылдай берсек, "ақпараттық хаос" туындайды. "Хаос болашағымызға кедергі". Жалпы мысал ретінде, психологтар айтады: "адам өзіне есеп беру тиіс". Түнде жатар алдында немесе апта сайын есеп беріп, қоқыстан тазару , ақпараттарды сараптап, жүйелеу маңызды. Парақшада шектеу қою керек, тұлға ретінде қалыптасуда сізді алаңдатушы факторлардан өзіңізді алыс ұстауыңыз қажет. Шындығына келгенде көбінесе қыз-келіншектер өзгенің әдемі парақшасына қарап, өзіне берілген өмірін бағаламай қалады. Егер ұнамаса, өзіңізді өзгертуден бастаңыз, өзгенің парақшасынан жақсысын алыңыз, бірақ еліктемеңіз.

Ақпараттарды сүзгілеуден кейін әлеуметтік желідегі екінші жағдай - қазақ тілді аудиторияның әлсіз екені. Орыс тілді сайттарда рейтинг жоғары болады. Аудиториясы белсенді, саяси мәселелер сияқты салмақты тақырыптарды талқылай алады. Ал қазақ тілді сайттар шоу-бизнес, күнделікті жаңалықтарды т.б. айтады. Сол арқылы оқырман жиналады. Бірақ, айырмашылығы қандай мәселені талқылап жатқандығы, яғни деңгей. "Біз қазақ тілді аудиторияны дамыту, өсіру үшін, не болса да, қазақ тілінде жазуымыз керек. Оқырманымызға мазмұнды, сапалы, құнды жазба беруіміз керек." Біздің қоғам баяу жүреді, жүруі мүмкін, бірақ талмау керек. Оқырмандарды ұстап тұру, қалдыру үшін олардың көңілінен шығатын, қажетті ақпарат жазу маңызды.

Әлеуметтік желідегі жауапкершілік

Айта кететін жағдай, әлеуметтік желіні қолданғанда да азаматтық жауапкершілік керек. Әркім өз ойын ашық айта отырып, қоғам алдындағы жауапкершілігін ұмытпағаны дұрыс. Баланс болғаны жақсы. Адами тұрғыда жауапкершілік, ақпараттың дәйектілігі үшін жауапты. Ақшадан бұрын абырой маңызды.

«Саяхат жасағыңыз келсе, "қозғалыс керек!", яғни іздену керек, даму керек, әрекет ету керек. Себебі, шын ниеттенген жанға саяхат шынымен қолжетімді! Студенттер де алыс-жақын шет елдерге саяхатқа шыға алады. Ол үшін қаражатыңызды босқа шашпай, үнемдеп үйреніңіз.
Динар Болаттың айтуынша, жиһанкез блогер барған елі туралы қызық ақпарат беріп қана қоймайды, сонымен қатар ол елге бару үшін қанша қаржы кетеді, қандай нәрселерден үнемдеуге болады деген нақты дерек келтіруімен де ерекшеленеді.
"Мүмкіндіктерді максималды түрде пайдалану, парақшалардан максимум үйрену" - тұлға болуда маңызды кеңестер. Саяхатқа шығуды ойласам, жақыннан бастау, мысалы қолжетімді жерлерге барып тәжірибе жинай отырып, саяхаттың дәмін татып көрсем болғаны, ары қарай тағы да саяхатқа «тәбетім» ашыларын білемін! Жастарға, өсуге мотивация керек!

                                                                                            Ақтоты Елтай
                                                                                            Журналистика және саясаттану факультетінің 3 курс студенті