"Телерадио және қоғаммен байланыс" кафедрасының 4 курсында Елбасының халыққа Жолдауының маңызы мен мақсаттары туралы кураторлық сағат өтті

Қоғаммен байланыс» мамандығының 4 курсында оқитын «ҚБ-41» тобында  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауының маңызы мен мақсаттары туралы кураторлық сағат өтті. Кураторлық сағатта Елбасының келесі жылды «Жастар жылы» деп жариялауына байланысты студенттер өздерінің ой-пікірлерін ортаға салды.
Темір-Ұлан Үмбетов «Елбасының «Жастар жылын» жариялауы, шынында да, жастарға қанат бітіреді. Жастар үшін жаңа бастамаларға жол ашылады деп ойлаймын» деген болса, Махамбетәлі Әділет «Мен сияқты бизнестерін бастап жатқан жастарға мемлекет тарапынан көбірек қолдау болады деп сенемін» деген ойын жеткізді. Самал Мұрат «Жастар жылының жариялануының өзі мемлекет басшысының жастарға деген құрметі деп білемін» деді.
Қалай болғанда да «Жастар жылы» еліміздің жастарына жаңа міндеттер де жүктейтіні анық. Тек жастарға ғана емес, жалпы еліміздің әрбір саласына тың серпін береді деп ойлаймыз.