Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева

Основан 1996 году

Факультет журналистики и политологии


"Телерадио және қоғаммен байланыс" кафедрасының қауымдастырылған профессоры жетекшілігімен «Жаңалықтар қызметіндегі журналист шеберлігі» атты ашық сабақ өтті

Қарашаның 26 – жұлдызында  Журналистика факультетінің 4-курс студенттері, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Есенбекова Ұлбосын Мейірбекқызының жетекшілігімен «Жаңалықтар қызметіндегі журналист шеберлігі» атты ашық сабақ өтті. Сабақ барысында  студенттер  отандық және шетелдік  жаңалықтар журналистерінің қызметімен танысып, тақырып аясында дайындаған материалдарын  көрсетті.

Сабаққа ЖжСФ декан орынбасары Гүлжауһар Жамбылқызы, аға оқытушы Күлнәш Әжібекқызы, Қазақстан ҰТА «Таңшолпан» бағдарламасының редактор-тілшілері Алла Гаврина мен Сағыныш Ертай және Еуразия арнасының жүргізушісі  Балауса Амантайқызы, магистранттар мен доктаранттар  қатысып, тәжірибелерімен бөлісіп, шәкірттерге жылы лебіздерін білдірді.