"Телерадио және қоғаммен байланыс" кафедрасының оқытушылары мен студенттері NurOtanTalks форумына қатысты

 

2018 жылы 1 қараша күні Журналистика және саясаттану факультеті Телерадио және қоғаммен  байланыс кафедрасының 1 курс ҚЖ-13 тобының  студенттері «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет: биік белестер» атты NurOtanTalks форумына қатысты. 

Форум жоғары деңгейде өтті, - дейді қатысушылар. Кездесу барысында Қазақстанның атын шығарған белгілі актриса Самал Еслямова, TSE Art Destination негізін қалаушы Дина Байтасова, Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияның ректоры Арман Жүдебаев, жастарға үлгі болып жүрген "New York film academy" түлегі, жас режиссер Диас Азимжан, ақыл-кеңестерін айтып, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.