"Телерадио және қоғаммен байланыс" кафедрасының студенттері танымал, қазақтілді блогер Өркен Кенжебекпен кездесті

Мамандар сабақтастығы

«Хабар» Агенттігінің қызметкерлері болашақ журналистерге дәріс оқып, шеберлік сабақтарын өткізуде. 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті мен «Хабар» Агенттігі» АҚ арасындағы меморандум негізінде биылғы оқу жылының басынан бері бірнеше шеберлік сабақтары өтті. Солардың алғашқысы - «Хабар» Агенттігі  Интернет жобалар дирекциясының шеф-редакторы Өркен Кенжебектің шеберлік сабағы. Өркен – еліміздегі танымал, қазақтілді блогерлердің бірі. Агенттіктегі оның басты міндеті - телевизия өнімдерін әлеуметтік желілерде жарнамалап, тарату ісін ұйымдастыру. Телерадио және Қоғаммен байланыс кафедрасының оқытушысы Жанна Алдабергенованың 3 курсқа өтетін «Әлеуметтік медиа редакторы» пәні аясында Өркен Кенжебек әлеуметтік желі, оның қоғамдағы рөлі мен орны, трендтері мен азаматтық  жауапкершілігі туралы жан-жақты ақпарат берді.