"Видео түсірілім мен видеомонтаж негіздері" пәні бойынша ашық практикалық сабақ өткізілді

Пәннің аты: Видео түсірілім мен видеомонтаж негіздері.

25 ақпанда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика және саясаттану факультетінің ұстазы Қошанова Күлнаш Әжімбекқызы журналистика мамандығының студенттерімен бейнекөріністегі дыбыс пен дауыстың тазалығы жайында ашық практикалық сабақ өткізді.



Шараның мақсаты - студенттермен дыбыс жазу шеберлігінің қыр-сырымен бөлісіп, тақырыпты жан-жақты аша түсу, шебер журналист, өз ісінің маманын дайындау. Студенттерге ашық сабақ барысында дыбысты қалай жазу керектігі, бейнекөріністегі дыбыстың тазалығын қалай қадағалау керек екендігі көрсетілді. Сабақтың екінші бөлімінде білім алушылар журналистердің дыбыс жазу кезіндегі қателіктерін саралап, дұрыс дыбыс жазу жолдарына мысал келтіре кетті.