«Ғылыми журналдар мен түрлі деңгейдегі конференцияларға материал жариялаудың мәселелері» атты ғылыми семинар өтеді

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультеті Баспасөз және баспа ісі кафедрасының 2021 жылдың 1-11 сәуір аралығында университетте өтіп жатқан ғылыми декада аясында 2021 жылдың 7 сәуірі күні сағат 19.00-де филология ғылымдарының кандидаты, профессор Тоқтағазин Мұратбек Балқыбекұлының «Ғылыми журналдар мен түрлі деңгейдегі конференцияларға материал жариялаудың мәселелері» атты ғылыми семинарына шақырамыз. Барлық оқытушы-профессорлар, докторанттар, магистранттар, студенттер түгел қатысуын сұраймыз.

 Өтетін орны: https://clck.ru/U9GnF   Microsoft Teams

 

 

Баспасөз және баспа ісі кафедрасы