«Ынталы жүрек сезген сөз» байқауы болып өтті

Наурыздың 4-і күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультеті баспасөз және баспа ісі кафедрасы 1-курс студенттерінің ұйымдастыруымен Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай «Ынталы жүрек сезген сөз» атты шығармашылық байқауы болып өтті. Байқауға 13 үміткер, атап айтар болсақ, университетіміздің ақпараттық технологиялар, әлеуметтік ғылымдар,  заң, филология, физика-техника факультеттерінің, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің, Менеджмент және бизнес колледжінің студенттері мен мектеп оқушылары қатысты.

Шығармашылық додаға Журналистика және саясаттану факультетінің деканы, профессор Қайрат Өмірбайұлы Сақ, телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазы, баспасөз және баспа ісі кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлмира Әшірбекова, баспасөз және баспа ісі кафедрасының профессоры Сәуле Тапанова қазылық етті.

http://fjp.enu.kz//storage/MAKPAL/xtinpmuGmVdIwkE8uWe1YBbcaMHE6avaikRZyOd4.jpeg

Іс-шара шымылдығын «Бозінген» композияциясының ырғағымен мың бұралған бишілер ашты. Содан соң, жүргізушілер сайыстың ережесімен таныстырып өтті.

http://fjp.enu.kz//storage/MAKPAL/WyHKJjwcHilQibTRikXatkWd6LA5Sng2ArDj45Qn.jpeg

Байқаудың ережесіне сай, үміткерлер төрт кезеңнен өтуге тиіс еді. Алғашқы кезеңінде қатысушылар Абай өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп оқудан жарысса, келесі бірінде ребустарды шешу арқылы жасырынған өлеңдерді тауып, соңында Ұлы ақынның өміріне, шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап берді.  Айта кетерлігі, үміткерлер байқауға жақсы дайындықпен келген.

http://fjp.enu.kz//storage/MAKPAL/Cml0jfvGENFQj6fmnZmhHtn20tbu49QfEwJI8L41.jpeg

Дегенмен, сайыстың аты сайыс болғандықтан, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар озатыны анық. Сынақтың бәрінен мүдірмей өтіп, мәреге жеткен жеңімпазымыз Еуразия ұлттық университетінің Ақпараттық технологиялар факультетінің 2-курс студенті Жүнісхан Гүлжан болды. Екінші жүлделі орынды ЕҰУ-нің Филология факультетінің 1-курс студенті Зұлпықар Ақнұр мен қалалық #37 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Қайсарова Томирис алды. Ал үшінші орынды Журналистика және саясаттану факультетінің 2-курс студенті Серіков Абзал мен Қазақ экономика, қаржы және халықарлық сауда университетінің 1-курс студенті Мырзабеков Диас иеленді.

http://fjp.enu.kz//storage/MAKPAL/HHOQy3SGCirX9xZowCv6etdN0yCCX3cW4IJ4LNTv.jpeg

http://fjp.enu.kz//storage/MAKPAL/Ic94yxpynR5ngc66ZIQo1ApEKzdR65PBzT4Bbb3d.jpeg

 

http://fjp.enu.kz//storage/MAKPAL/PzWoWXl2YjE48QtvudmOBYkUjZ3FMRisN6W3y03W.jpeg

http://fjp.enu.kz//storage/MAKPAL/t3tCCwzjJRK8iEEUs9u1AMGKYjTxJtrmbdJ4rFwC.jpeg

 

http://fjp.enu.kz//storage/MAKPAL/VjIUwIGSPBBjEQOWEa1kJZvIHaa684U4yNm21yvM.jpeg

Жеңімпаздарға ақшалай сыйақы мен факультет деканы Қайрат Өмірбайұлының атынан кітаптар табыстады.