Білікті биігірек сәулетімен...

2019 жылдың маусым айында  (16.06-26.06) Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бір топ профессор, оқытушылары Омбы  қаласында (РФ) «Инновациялық сандық технология» бағдарламасы бойынша біліктілік арттыру курсынан өтті. Осы құрамда  Журналистика және саясаттану факультетінің профессор, оқытушылары Гүлжауһар Жамбылқызы Болатова,  Бауыржан Сәбитұлы Иманғалиев, Марина Юрьеевна Онучко, Сейілбек Садықұлы Асанов та бар.  

Факультетіміздің профессор-оқытушылары осы  Біліктілікті арттыру  курсы  бойынша алған тәжірибелерімен бөлісіп, семинар өткізді. Семинар барысында профессор-оқытушылар   «Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану», «Студенттерге бағытталған оқыту», «Жобалық оқыту технологиясы», «Интербелсенді оқытудың технологиясы»,  «Электрондық білім беру жүйесі және оқытудағы web 2.0 технологиясы», «Білім алушылардың өзіндік жұмыс ұйымдастыру стратегиясы», «Студенттердің ұжымдық жұмысын ұйымдастыруда интернет қызметтерді қолдану», «MOODLE  онлайн-платформасында қашықтықтан оқытуды әзірлеу»  тақырыптары бойынша  кеңінен ақпарат берді.

Жалпы, профессор-оқытушылар құрамының ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құзыреттілігін арттырып, сандық оқыту контентін құрастыру және виртуалды аудиториямен жұмыс істеу мүмкіндіктерін жетілдіру  бағытында  тәжірибе алмасуы ойдағыдай жүзеге асқаны  білікті мамандарымыздың биік шыңдардан көрінуіне  өз сетпігін тигізетініне бек сенімдіміз.