БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІ КІТАПХАНА ӨКІЛІМЕН КЕЗДЕСТІ

Бірінші курс студенттері Журналистика және саясаттану факультеті Баспа және баспа ісі кафедрасының ұйымдастырумен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Отырар» кітапханасының өкілімен кездесті.

Кездесуге шақырылған қонақ - «Отырар» кітапханасы директорының орынбасары Жанар Бегайдарқызы Мамаева бірінші курс студенттеріне жалпы кітапхананың кітап қоры мен онда жұмыс істейтін оқу залдары және басқа да мүмкіндіктер жайлы айта келіп, білім алушылар үшін қазіргі күні өзекті болып отырған ең қажетті мәселе – электронды кітапханы жайлы жан-жақты баяндап берді.

Керек кітапты қалай тауып алуға болатынан бастап, оны қалай жүктеп алуға болатыны, жиі қажет болатын оқулықтарды тез тауып алу үшін қайда және қалай сақтап қоюға болатыны – бірі-бәрі сөз қамтылды. Ж.Мамева елордамызда тұратын студенттер қажет оқулықтарды үйлеріне алып оқу үшін, кітапхана аптаның жұмыс күндері сағат 9.00-ден кешкі 18.00-ге дейін ашық болатынын да жеткізді.

Кездесу соңында бірінші курс студенттері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толыққанды жауап ала алды.