Цифрлы Қазақстан студенттер көзімен

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын xалықаралық "Ғылым және білім-2018" декадасы өтті.

Ғылым декадасының аясында 12сәуір күні Журналистика және Саясаттану факультетінде Журналистика секциясы бойынша конференцияға 38 жұмыс ұсынылды. Конференцияға профессор Алдабергенов Қ.М. мен Шыңдалиева М.Б және доцент Есдаулетов А.О қазылық етті.

Елбасымыздың "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасының аясында "Цифрлы Қазақстан және қазіргі ақпараттық байланыстағы мәселелер"тақырыбын көтерген түрлі зеттеу жұмыстарын студенттер мен магистранттар ортаға салды.Қазіргі таңдағы қазақ блогерлері,интернет журналистикадағы жаңа бетбұрыстар,басылымдардағы жаңашылдық сипаты сынды өзекті мәселелер талқыланды.

Конференцияға Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті  мен Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің студенттері қатысып,өзара ой бөлісіп пікір алмасты.Конференцияға қатысып,зерттеу жұмыстарына баға берген комиссия шешімі бойынша қатысушылар жүлделі 3 орынды былайша бөлісті:

1-орын: Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенті Әшірапбаева Маржан

2-орын: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті Айгелова Алтынай

3-орын: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студентi  Сламбекова Мариэт