Дәстүрлі БАҚ-тың болашағы бар ма?

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің  Журналистика және саясаттану факультетінде «Дәстүрлі БАҚ-тың болашағы бар ма?» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел университетімізде өтіп жатқан  Ғылым онкүндігі аясында өтіп, шараға факультеміздің магистранттары мен студенттері қатысты. 

 Қазіргі таңда мамандардың арасында дәстүрлі БАҚ-тың болашағына байланысты алаңдаушылық көп. Өйткені, жаһандану дәуірі көптеген салаға өзгеріс әкелді. Тіпті, онлайн сервистер ақысыз, қолжетімді ақпарат тарата бастады.

Осы жағдайды ескере отырып, «қоғаммен байланыс» мамандығында оқитын магистранттар мен студенттер өз пікірлерін ортаға салды.

Олар дәстүрлі БАҚ-ты қолдайтын болып шықты. Алайда, кейбір студенттер керісінше, дәстүрлі БАҚ-тың болашағы жоқ деді.