Ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ұлболсын Мейірбекқызы Есенбекова "Трансмедиалық жобаларды баяндау мен продюссерлеу туралы" атты ашық сабақ өткізді

Ашық сабаққа Журналистика және Саясаттану факультетінің магистранттары, студенттері, Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының оқытушылары, факультеттің оқу-әдістемелік комиссиясының төрайымы Жанпейісова Қарғаш Дәлелханқызы, және арнайы шақырылған қонақ "Хабар" агенттігі басқарма төрағасының бірінші орынбасары, танымал тележүргізуші, журналистика және саясаттану факультетінің докторанты Ринат Думанұлы Кертаев қатысты.

Сабақтың мақсатымен таныстырып, жалпы шолу жасап кеткен Ұлболсын Мейірбекқызы  магистранттармен өткен сабақтарды пысықтай отыра, түрлі көрнекі құралдарды пайдалану арқылы "Трансмедиялық" ұғымын жан-жақты талқылап, көпке түсінікті тілде жеткізе білді. 

Ашық сабақ ашық кездесу форматына ауысып, арнайы келген қонақ Ринат Кертаевпен сұхбатқа ұласты. Кездесу барысында журналистика  мамандығының 2-ші курс студенттері әзірлеген қойылымдарын қойып, жырдан шашу шашты.

Магистранттардың дайындаған инттеллектуалды ойыны да көптің көңілінен шығып, ыстық ықыласқа бөленді. Шара соңында сөз алған Ринат Думанұлы ізденушілердің талаптарына ерекше қызығушылық білдіріп, болашақта бірлескен жобаларды әзірлеуге келісті.