Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасы «Әлемдік PR: өзектілігі және келешегі» атты халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференцияға қатысуға шақырады

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және Саясаттану факультеті, Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасы «Біз біргеміз!» акциясы аясында студент-жастардың «Әлемдік PR: өзектілігі және келешегі» атты халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференцияға қатысуға шақырады. 

      Бұл онлайн-жиынға Қазақстан мен басқа мемлекеттердің белді ғалымдары, студенттері, мемлекеттік органдар мен жеке компаниялардың қоғаммен байланыс (PR) саласында қызмет етіп жүрген кәсіби мамандары қатысады деп жоспарлануда.

Конференцияның:

-  өтетін уақыты: 25 сәуір 2020 ж сағ.11.00-13.00 (пленарлық), сағ.15.00-17.00 (секциялық)

-  өтетін мекен-жайы: Zoom платформасы

Ғылыми-практикалық бағыттары:

1.  Дүние жүзіндегі қоғаммен байланыс (PR) саласын талдау, ақпарат алмасу;

2. Дағдарысқа қарсы PR және PR технологияның шығармашылық саладағы рөлі (өнер,әдебиет, спорт, музыка);

3.  ЖОО-да PR мамандарын дайындаудың заманауи әдістері.

Конференцияның жұмыс істеу формасы: пленарлық, секциялық

Конференцияның жұмыс тілі – қазақ, орыс, ағылшын тілдері.

Секция жұмыстарының бағыттары: 

1. PR технологияның шығармашылық саладағы рөлі (өнер,әдебиет, спорт, музыка);

2.Дағдарыс PR-ның бүгінгі таңдағы өзектілігі.

Конференцияның қорытындысы бойынша электронды баспа жинағы шығарылады. 

Түрлі мәселелер бойынша байланыс телефоны: 8 701-1063525. Бауыржан Сәбитұлы Иманғалиев, фил.ғыл.канд. доцент

Конференцияға мақала беру тегін. Қатысушының өтінім парағы және жазған материалдары  gulnazym69@mail.ru  немесе  baur.iman@mail.ru электронды мекен-жайына  2020 жылдың 23 сәуіріне дейін қабылданады. Конференцияда сөз сөйлеу үшін регламент - 5 минутке дейін беріледі. Жарыссөзге -  5 минут.