Саясаттану мамандығының магистранттары " Мемлекеттік басқару: озық тәжірибе, сынақтар, мүмкіндіктер" атты қоғамдық лекцияға қатысты

2018 жылғы 9 қарашада Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Саясаттану мамандығының магистранттары Қазақстанның қоғам қайраткері Әлиxан Байменов жүргізген " Мемлекеттік басқару: озық тәжірибе, сынақтар, мүмкіндіктер" атты қоғамдық лекцияға қатысты. Лекция барысында мемлекеттік басқарудағы ұйымдастыру мен институционалдық аспектілері көрсетіліп,уәкілеттік, жауапкершілік және ресурстар балансы талқыланды. Қазақстан Республикасының даму кезеңдері толыққанды зерттеліп түсіндірілді. Және де өзге мемлекеттердің мемлекеттік басқару үлгісімен салыстырулар жүргізілді.