О.Тұржан «Қоғаммен байланыс саласындағы инновациялық трендтер және олардың ықпалдылығы» аты ғылыми семинар өткізді

21 ақпан күні Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті Оңайгүл Тұржан «Қоғаммен байланыс саласындағы инновациялық трендтер және олардың ықпалдылығы» тақырыбында ғылыми семинар өткізді. Семинарда қазіргі таңдағы PR-технологиялар және оқулық, оқу құралдарын даярлаудың жаңа әдістері мен формалары, оқулықтың мазмұны, тартымды болуы туралы талдау жасалды. Семинарға қатысқан кафедра оқытушы-ғалымдары мен магистранттары, студенттері өздерін толғантып жүрген осы мәселелерге қатысты сұрақтар қойып, өз ойларын да ортаға салды.