PR DAY – 2024

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультеті Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасы 10-11 (12) мектеп оқушыларын 2023 жылы 12 -13 желтоқсанда өткізілетін «PR DAY – 2024» атты аймақтық мамандандырылған олимпиадаға қатысуға шақырады.

Олимпиаданың мақсаты: Қоғаммен байланыс мамандығының сапасын арттыруды, талантты да білімді оқушылардың өзіндік ой-көзқарасын қалыптастыру мен креативті ойлау қабілетін арттыруды, сондай-ақ, ақпарат ғасырына бейімделген болашақ қоғаммен байланыс мамандарының жаңа медианы меңгеру деңгейін анықтауды және қоғамдық пікірге үн қоса білуге үйретуді көздейді

Тіркелу уақыты: 20.11.2023ж дейін

ОЛИМПИАДА ЕРЕЖЕСІ

Олимпиадаға барлық облыс, қаладағы 10-11 сынып оқушылар онлайн форматында қатыса алады. Байқауға қатысу үшін өтінімдер 2023 жылдың 20 қарашаға дейін қабылданады.

Олимпиада екі кезеңнен тұрады:

Бірінші кезеңде 1-1,5 минут көлемінде креативті видео түсіру.

Жіберілу уақыты: 1 желтоқсанға дейін (төменде көрсетілген поштаға жіберуі тиіс)

Екінші кезеңде эссе жазу Өткізілуі уақыты: 12 желтоқсан Эссе тақырыптары сол күні беріледі

Үшінші кезең үздік PR мамандарының шеберлік сағаты. Үміткерлер білікті PR мамандарымен бетпе-бет пікірталас және сұхбаттаса алады, ал арнайы шақырылған қонақтар оқушылармен PR әдістері мен өмірлік тәжірибелерімен бөліседі.

Өткізілу уақыты: 13 желтоқсан

Марапаттау рәсімі

ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

   - 10-11 (12) сынып оқушысы болу;

 

- батылдық; - амбиция. -креативтілік

Өтінім ақпараттық хаттағы үлгі бойынша толтырылады. Өтінімді 2023 жылдың 20 қарашасына дейін төменде көрсетілген электронды пошта мекен-жайына жіберу қажет.

Негізгі ұйымдастырушы: Гүлназым Сакеновна +7 747 180 5107 Ақпарат алу үшін байланыс: Айдана +7 747 896 64 00

Айкен +7 702 585 47 65 Электронды пошта: prdayenu2024@mail.ru

Мекен-жай: Астана қ., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, No4 оқу ғимараты, Янушкеевич 6.