Л.Н.Гумилев атындагы ЕҰУ, Журналистика және саясаттану факультеті, саясаттану кафедрасы 2 курс 6D050200-докторанттарының 10.02.20-23.03.20 аралығында өткен зерттеу практикасының қорытындысы ZOOM (https://us04web.zoom.us/j/175801967) бағдарламасында 26.03.2020 күні конференцияда қабылданды.
Саясаттану кафедрасында 6D050200-Саясаттану мамандығы бойынша 19 докторанттар білім алуда. Конфенцияны кафедра меңгерушісі доцент И.С. Рыстина ашты. Барлық докторанттар және ғылыми жетекшілер қатысты.
Жұмыс тәртібі бойынша 2 курс 6D050200-докторанттарының есебін комиссия мүшелері қабылдады. Кафедра мәжілісінде бекітілген коммиссия мүшелері:
1. төрайымы: кафедра меңгерушісі И.С.Рыстина
2.с.ғ.д. профессор Р.А.Нуртазина
3. с.ғ.д. профессор Е.Л. Нечаева
4.с.ғ.к. доцент м.а. Б.Б.Бюлегенова
5.с.ғ.к.доцент Қ.Д. Жанпейісова
Конференция қорытындысы бойынша 19 6D050200-докторанттар өткен зерттеу практикасының есебін қорғады. Зерттеу практикасының есебін және құжаттардың скан көшірмесі кафедра почтасында жинақталды.