Студентіміз Әлия Түгелбай байқауда жүлделі орынға ие болды

Оқушылар мен студенттерге арналған «Энергия – өмір көзі» анимациялық және танымдық видеороликтердің республикалық байқауында Журналистика және саясаттану факультетінің ІІ курс студенті Әлия Түгелбай жүлделі орынға ие болды.

«KAZENERGY» қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен энергетикалық секторды дамыту және адам өміріндегі көмірсутек шикізатының рөлі мәселелеріне арналған анимациялық, танымдық видеороликтер байқауында ережеге сәйкес, шараға 15-22 жас аралығындағы жоғарғы буын оқушылары, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысқан болатын. Қазақстанның барлық өңірлерінен Қауымдастық атына 200-ден астам өтініш келіп түсті. Оның ішінен тек 130-дан астам жұмыс жіберілді.

Қазылар алқасы атап өткендей, роликтерде энергетикалық сектордың тарихы мен мәселелері толық ашылған. Қатысушылар қабілеті мен білімдерін жоғары деңгейде көрсете алды. Жіберілген видеоматериалдардың мазмұны мен сапасы болашақ мамандардың техникалық дағдылары да жоғары екенін айғақтайды.

Жолданған материалдардың техникалық деңгейін, жұмыстың мазмұны мен жоғарғы сапасын ескере отырып, байқау финалына 27 қатысушы өткізілді. Әділ қазылар алқасының сөзінше жеңімпаздарды анықтау оңай болған жоқ. Нәтижесінде 5 қатысушы «Энергия – өмір көзі» байқауының жеңімпазы атанды, 1 қатысушы Қауымдастықтың ынталандыру сыйлығына ие болды. Жеңімпаздарға қаржылай сыйлық пен диплом табысталды.

Вебинар соңында ең белсенді қатысушылар анықталып, оларға «Тәуелсіз Қазақстанның мұнайы мен газы» атты кітап табыс етілді.
Байқауға қатысушылардың үздік роликтерін youtube арнасынан тамашалай аласыздар: 
https://www.youtube.com/user/KAZENERGY1

         Біліммен қатар біліктілігін көрсетіп, оқу ордасының мәртебесін асырған шәкіртіміз Әлияны жетістігімен құттықтап, шығармашылығына шарықтау тілейміз!