Студенттермен "Жан тазалығы-ар тазалығы" атты кездесу өткізілді

2019 жылдың қараша айының 26-жұлдызында Журналистика және саясаттану факультетінде декан орынбасары Гүлжаухар Жамбылқызы, Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының аға оқытушылары Гүлназым Алғалиева, Анель Шалқарбектің ұйымдастыруымен "Жан тазалығы-ар тазалығы" атты іс-шара өткізілді. Кездесу барысында Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне қарасты Дін проблемаларын зерттеу орталығының мамандары 1-2 курс студенттеріне дәріс оқыды. Дін проблемаларын зерттеу орталығының ЖШС-нің өкілі, теолог  Серік Осман студенттерге екі тілде діни ұйымдар, экстремистік топтар, терроризммен күрес тақырыбында сұхбаттасу жүргізсе, психолог Гүлжан Мырзағұлова жат ағымдағы адамдар мен діни фанаттардың қоғамға әсерін түсіндіріп, сыни ойлауға үйрететеін тренинг өткізді. Өзекті мәселе аясындағы түсіндіру, насихаттау, талдау жұмысы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбын талқылаумен жалғасты. Жиналған білім алушылар қызықтырған сауалдарын қойып, тиісті ақпаратты анықтап алды. Шара соңында меймандарға Еуразия ұлттық университеті атынан Л.Н.Гумилев энциклопедиясы табысталды.