"Телерадио және қоғаммен байланыс" кафедрасының студенттері «Жастар жалыны» форумында

 

Жастар – болашақтың жарқын кепілі. Тың идея мен жаңалықтардың жаршысы іспетті жастардың басын қосқан «Жастар жалыны» форумы 2018 жылыдың қазан айының 30-ы күні Экспо аумағындағы Nomad city hall-да өтті. Елордамыздың жаңашыл жастарының қатысуымен өткен форумның негізгі мақсаты - жастардың тәжірибелері мен білімдерін  бір бірімен алмасуға мүмкіндік жасау. Форум спикерлері елордамызда әртүрлі саланың басында жүрген жастар. Негізгі аудитория колледж бен университеттердің студенттері, шығармашылық өкілдері мен белсенді жастарды құрады. Спикерлер арасында әртүрлі сала өкілдері болды, инженерия, медиа, маркетинг, ғылым, агро, көлік сияқты әр бағыттағы сала мамандары жастармен өз кеңестерімен бөліп, сол салада жетістікке жету жолдарын көрсетті. Форум қатысушылары өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, спикерлермен пікір алмасуға мүмкіндік ала алды. Елімізде және шетелдерде өз білімдерін шыңдап жүрген мамандар жетістіккке жету мен дамудың біршама жолдарын атап көрсетті. Жалпы форум нәтижесінде сөйлеген сөздерді бір сөзге жинар болса, жетістіктің ең басты жолы еңбек, еңбек және еңбекке келіп саяды. Форумға қатысқан жастар мол энергия мен мотивация, жаңа ақпарат пен тың жаңалықтармен таныс болып қайтты.