Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының студенттері Ұлттық арнаның ардагерлерімен кездесті

20 қараша күні Журналистика және саясаттану факультеті Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының ұжымы, Қазақ телевизиясының 60 жылдығын мерекелеу шеңберінде телеарна қызметкерлері және ардагерлерінің Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенттерімен кездесу ұйымдастырды. Іс-шараның салтанатты ашылуында кіріспе сөз сөйлеген "Журналистика және политология" факультетінің деканы Сақ Қайрат Өмірбайұлы шеберлік сабақтарының сәтті өтуін тіледі. "Qazaqstan” телеарнасының басшылығы атынан Басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Оқаұлы студенттерге Ұлттық арна жұмысымен таныстырып, журналист мамандығының маңыздылығы туралы айтты.

Белгілі журналист Сұлтан Оразалин, экс-төраға Ғаділбек Мінәжұлы Шалахметов, тележурналист Ерлан Қожагелдин, диктор Баян Секербаева, төрағаның кеңесшісі Жанар Шәмел, кездесу барысында бай тәжірибелерімен бөлісті. Журналистика майталмандары қазақ телевизиясының даму мәселелерін талқылап, салалық журналистиканы қалыптастыру маңыздылығын тілге тиек етті. 

Болашақ жас мамандар ҚЖ-13 тобының студенттері белсенділік танытып, өздерін қызықтыратын сұрақтар қойып жауаптар алды. "Осындай кездесулердің тәлім-тағылымы мол" деген ойда Журналистика және политология факультетінің ұжымы мен студенттері.