Тағылымы мол дәріс

Еліміздің басты үнпарағы  «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдық мерейтойын атап өтуге арналып, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен халықаралық  ғылыми-тәжірибелік конференция барысында Журналистика және саясаттану факультетінің Баспасөз және баспа ісі кафедрасында  «Egemen Qazaqstan»  газетінің 10 күндігін» өткізілетіндігі хабарланған еді. Осы жоспарды іске асыру мақсатында Баспасөз және баспа ісі кафедрасының аға оқытушысы Ештанаева Мақпал Шайхымұратқызы жүргізетін «Оқу газеті және онлайн БАҚ шығару» пәні бойынша «Egemen Qazaqstan» газеті жауапты хатшысының орынбасары Амангелді Қияс мырза ҚЖ-33 тобының студенттері алдында дәріс оқыды.

Газеттегі жауапты хатшының міндеттері мен оның жұмысының халықтың қолына тиетін жаңа нөмірдің сапасын жақсартудағы рөлі жайлы жан-жақты әңгімелеген А.Қияс мырзаның дәрісін қызыға тыңдаған білімалушылар қонаққа көптеген сұрақтар қойып, тұщымды жауаптар алды.