Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасында тұңғыш рет «PR Day» қалалық олимпиадасы өткізілді

Ағымдағы жылдың 20-желтоқсан күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Журналистика және саясаттану факультеті, Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының ұйымдастыруымен, тұңғыш рет 10-11 сынып (қазақ) оқушылары арасында PR және ақпараттық коммуникациялар бойынша "PR Day" қалалық олимпиадасы өткізілді. Шараға Астана қалалық орта білім беретін 17 мектептен 61 оқушы қатысты.

Іс-шараның салтанатты ашылуында факультет деканы Қайрат Өмірбайұлы Сақ алғы сөз сөйлеп, олимпиадаға қатысушы оқушыларға сәттілік тіледі.

Шараның негізгі мақсаты - оқушыларға "Қоғаммен байланыс" мамандығының маңызын түсіндіре отырып, мамандық таңдауда бағыт-бағдар көрсету және мектептер арасындағы алтын көпір орнату.

Олимпиада  3 кезеңнен тұрды : 

1- кезең:  Эссе жазу.

2- кезең  : Топпен жұмыс. Топқа бөлу. Лекциялар оқылып, кейстер беріліп, тапсырма орындалды.

3- Кезең : Жекелей пиар кейстерін шешу орындалды.

Іс-шара ашық түрде өткізілді, қатысушылар PR мамандығына қызығушылықтарын білдіріп, жоғары белсенділік танытты. 

Олимпиада нәтижесі бойына жеңімпаздары:

І - ОРЫН иегері : Республикалық «ҚАЗБІЛІМ» орталығының сертифкатымен  Жанатқызы Айнұр , № 54 мектеп- лицейінің оқушысы марапатталды;

 ІІ-ОРЫН иегерлері: «Ағылшын тілі» мектебінің сертификатымен Нұрлыбаева  Алуа, Еркін Ажар Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары  

ІІІ-ОРЫН игерлері: Канатбаев Адилет, №3 Аршалы орта мектебінің оқушысы,

Жақан Әлихан,  № 54 мектеп-лицейінің оқушысы;

Қожахметова Гульдана, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы; 

Ең үздік эссе номинациясы- Нургалиева Айзада 

№ 67 мектеп-гимназиясының оқушысы;

Ең үздік спикер номинациясымен - Есентур Дильназ иемденді.

Қатысушыларға Журналистика және саясаттану факультетінің деканы Қ.Ө. Сақтың қолымен сертификат табысталып, ақшалай сыйлықтар берілді. Олимпиаданың өтуіне мұрындық болған, Журналистика және саясаттану факультеті, Телерадио және қоғаммен байланыс кафедра меңгерушісі Рыстина Индира Садыбекқызы, аға оқытушы Алгалиева Гүлназым Сакенқызы, оқытушы Қалдыбекова Айдана Джарқынбекқызы және «Іскерлік шараларды ұйымдастыру» пәні бойынша бастан аяғына дейін ұйымдастырып, ерекше ат салысып, теориядан алған білімдерін, практика жүзінде дәлелдеп шыққан  "Қоғаммен байланыс" мамандығының 4-курс студенттеріне факультет деканы Қ.Ө.Сақ шексіз алғысын білдірді.

Сондай-ақ, шараға қолдау жасаған, Республикалық «ҚАЗБІЛІМ» орталығының ұжымы,«Ағылшын тілі» халықаралық мектебі ұжымы, ақшалай демеушілік жасаған «Қоғаммен байланыс» мамандығының  2- курс магистранттарына, Телерадио және қоғаммен байланыс кафедра меңгерушісі Рыстина Индира Садыбекқызы рахмет айтты.

Шара соңында, факультетіміздегі "Қоғаммен байланыс" мамандығының 1-курс студенті Байментаев Ерасыл «Арнау» оқып, 2-3 курс студенттері күмбірлетіп күйінен, тамылжытып әнінен, «Самұрық» шоу балет тобы биден шашу шашты.