Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті Қазақстанның құрметті академигі атанды

Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты, ақын, жазушы Тұржан Оңайгүл Ізтұрғанқызы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына арналған жолдауын білім беру ұйымдарының педагогтары мен білім алушылары арасында кеңінен насихаттау мақсатында "Дарынды оқушылардың қабілетін айқындау, дамыту" жобасы аясында өткен "Қазақстанның құрметті академигі-2020" атты республикалық байқауда жеңімпаз атанып, бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды.

Білім саласына қосқан айырықша еңбегі үшін "Қазақстанның құрметті академигі" атты төс белгісіне ие болды. Құттықтаймыз!