Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева

Основан 1996 году

Факультет журналистики и политологии


Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті Рабиға Аманжолованы Украинадағы өнер фестивалінде құттықтады

Ілгеріде коммунистік биліктің орталық ОРТ телеканалынан "негізгі жаңалықтарды" тұңғыш рет орыс емес диктор жүргізген болатын. Ол адамды біріміз білсек, кейбіріміз біле бермеспіз. Ол кезде бұл үлкен сенсация болған еді. Бүкіл кеңестік БАҚ: "орыс емес диктор кім?", "қайдан шыққан?", "мүмкін емес!" деп жарыса жазған-тын. Ұлтымыздың беделін аспандатқан қазақтың қарапайым қызы осындай белесті білімі мен өжеттілігінің арқасында бағындырды. Өзі ЖОО Украинада тәмамдаған. Сол университеттің құрметті азаматы. Осындай беделге ие қазақ қызын жақында Украинада өткен өнер фестивалінің ұйымдастырушылары шақырған еді. Өкінішке орай пандемияға байланысты бара алмапты. Бірақ өз құттықтауын онлайн арқылы жеткізіпті. Біздің ел ғана емес. Бүкіл КСРО-ді (СССР) мойындатқан талантты қызбен, әпкемізбен әріптес болғанымызға мақтан етеміз! Жасай беріңіз!