Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының оқытушылары "Менің таңдауым ЕҰУ" кураторлық сағатын өткізді

Журналистика және саясаттану факультеті "Телерадио және қоғам мен байланыс" кафедрасының ЦММ-11 тобында "Менің таңдауым ЕҰУ" кураторлық сағаты өтті.
Шарада студенттер бір-бірімен болашаққа армандарымен бөлісті. "Бұл университетті таңдау себептеріміз әр түрлі болғаны мен, болашаққа қойған мақсаттарымыз ұқсас. Барлығымыз осындай беделді университеттің алға ұстар студенттері атанып, өз мамандығымыздың білікті иесі болғымыз келеді және осы мақсаттарымызға жететінімізге сенімдіміз", - деп түйіндеді білі алушылар.