Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының оқытушылары онлайн-дәрістерді сәтті жүргізуде

 2020 жылдың 16 наурызынан бастап Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ректорының бұйрығы негізінде қашықтықтан оқыту форматына ауысты. Бұл шара Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасын, сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрлігінің халықтың өмірі мен денсаулығын коронавирус инфекциясынан қорғау туралы өтінішін орындау мақсатында қабылданды. 

Осылайша, Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы жұмысын қашықтықтан оқыту әдісімен жалғастырды.

«Оnline» режимдегі оқыту Platonus, Moodle, Webex және Zoom жүйесінде жүргізіледі

Мысалы, қауымдастырылған профессор Ұлболсын Мейірбекқызы Zoom платформасында онлайн дәрісті әдеттегідей қызықты өткізді. Конференц-байланыс арқылы 1-ші курс М-067 тобының магистранттары түгел қосылды. Дәріс тақырыбы: Медиа технологияларды қоғамдық психологияны қалыптастыруда қолдану. Сабақ ашық пікір алмасу формасында өтті.

Ф.ғ.к., доцент Серікзат Дүйсенғазы "Журналистика"  және "Қоғаммен байланыс"  білім бағдарламысының бірінші курс магистранттарына "Қазақ публицистикасының қалыптасуы" мен "Медиа зерттеу әдістері" пәндері бойынша онлайн дәрістер өткізді.

Ф.ғ.к., доцент Тұржан Оңайгүл Ізтұрғанқызының онлайн сабағынан

Аға оқытушы Сабыр Әбдіқадыр мен Әйгерім Мұратқызының онлайн-сабақтарынан