Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева

Основан 1996 году

Факультет журналистики и политологии


Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының оқытушылары Отандық терминологияның келешегіне арналған семинарға қатысты

Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «БАҚ кеңістігіндегі терминдер: тәжірибесі және теориясы» тақырыбында республикалық әдістемелік онлайн-семинар өтті. 

Іс-шараға Мәдениет және спорт министрлігінің басқарма басшысы Гүлмира Құбаш, «Қазақстан» ұлттық арнасының бас редакторы Қайнар Олжай, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-і Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Бауыржан Иманғалиев, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і журналистика факультетінің деканы, ф.ғ.к, доцент Сағатбек Медеубек қатысып баяндама жасады.

Сонымен қатар жиынға  басқа да белгілі лингвист-ғалымдар, аймақтық жоғары оқу орындарының ұстаздары мен студенттері, БАҚ өкілдері жиналды. Баяндама жасаушылар отандық терминология саласындағы өзекті мәселелерді көтеріп, келелі ой-пікірлерімен бөлісті. Басқосу соңында көтерілген тақырыпқа ортақ талқылау жасап, ұсыныстар хаттамаға тіркелді.