Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының оқытушысы Елбасының алғысын алды

Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының оқытушысы Ардақ Мүтәрбек Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алғысын алды.

"Құрметті Мүтәрбек Ардақ! Дүние жүзін әбігерге салған коронавирус пандемиясына қарсы күрес мақсатымен жүзеге асырылған "Біз біргеміз!" жалпыұлттық акциясы аясында "Nur Otan" партиясымен бірге халыққа қолдау көрсетуге волонтер ретінде белсене атсалысқаныңыз үшін Сізге зор алғысымды білдіремін. Сіздің жанқияр жанашырлығыңызды Отанымызға деген сүйіпеншілігіңіз бен биік азаматтық ұстанымыңыздың көрінісі деп қабылдаймын. Өзіңізге және туған-туыстарыңыз бен жақындарыңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін. Еліміз аман, тәуелсіздігіміз баянды болсын!" делінген алғыс хатта. Құттықтаймыз!