Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының оқытушысы магистранттармен "Цифрлық әлемдегі трансмедиалық технологияларды қолдану ерекшеліктері" атты ғылыми семинар өткізеді

Отырар кітапханасының 204 аудиториясында Филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ұлболсын Мейірбекқызының жетекшілігімен "Цифрлық әлемдегі трансмедиалық технологияларды қолдану ерекшеліктері" атты ғылыми семинар өткізіледі. Шараға 1 курс магистранттары, қонақ ретінде Журналистика және саясаттану факультетінің деканы Сай Қайрат Өмірбайұлы, журналистика және саясаттану факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің төрайымы Жанпейісова Қарғаш Дәлелханқызы, филология ғылымдарының докторы, профессоры Тахан Серік Шешенбайұлы қатысады.