Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева

Основан 1996 году

Факультет журналистики и политологии


Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының студенттері Болашақтың журналистері TRT байқауына қатыспақ

Өзіндік пікірі, фильмі, айтары бар және онымен бөліскісі келетін Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының студенттері Болашақтың журналистері TRT байқауына қатысып, бақтарын сынамақ.

Түркия мемлекетінің «TRT» телеарнасының журналистері Еуразия ұлттық телеарнысының білім алушыларымен 4-ші наурыз күні кездесіп, байқаудың алғы шарттарымен таныстырды. Кездесу барысында студенттер байқау бойынша қызықтырған сұрақтарын қойып, жауаптар алды. 

Байқауға журналистика саласында білім алып жатқан екі жылдық және төрт жылдық бакалавриат студенттері 2019-2020 оқу жылы барысында  түрік тілінде немесе түрікше субтитрмен дайындалған туындылармен қатысуға болады.

Болашақтың журналистері - Радио журналистикасы, Теледидар журналистикасы, Ақпарат және Интернет журналистикасы сынды төрт негізгі категориялар бойынша қатысады. 

Қатысу шарттары мен категориялар үшін www.trtgeleceginiletisimcileri.com.tr адресінен толық мағлұмат алуға болады.

Жүлделер әрбір категорияда: бірінші орынға 6000 ТЛ, екінші орынға 5000 ТЛ, үшінші орынға 4000 ТЛ

Өтініш қабылдаудың соңғы күні 29 мамыр 2020 жыл.