Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының студенттері «Жалынды Жастар» форумында

30 қазан 2018 жылы өткен «Жалынды Жастар» атты форумға Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының 1 курс  ҚЖ-13 тобы   студенттері  Ибрагимова Ақбота, Сахынбек Саралар қатысып қайтты.

         Елдің болашағының баянды да тұғырлы болуы, сол елдің жастарының қолында. Іс-шараға Астана қаласы әкімдігінің, жастар ұйымдарының көшбасшылары, сондай-ақ табысты кәсіпкерлер, спортшылар мен блогерлер қатысты. Форумда бірінші болып сөз сөйлеген Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, жастық шақта уақытты дұрыс пайдалана білу маңызды екендігін атап өтті.

        Шараға елімізге танымал, жастарға үлгі болар түрлі сала өкілдері, оның ішінде, тележүргізуші Динара Сәтжан, 2Gis Астана жобасының негізін қалаушы Андрей Судаков, паралимпиадалық спортшы Серік Есматов, 100 жаңа есім жобасының жеңімпазы Нұрлан Өтешев, «Азаматтық бастамаларды қолдау» орталығының төрағасы Арслан Дәрімов, «Rocket Study» жобасының жетекшісі Алпамыс Шәрімов сияқты 20-ға жуық қонақ шақырылған. 

Қазір жастардың жарқын болашағы үшін мемлекетіміз жан-жақты жағдай жасауда. Осы іс-шарадан кейін студенттер өздері үшін үлкен сабақ ұйғарды. "Форумның маңызы өте зор болды. Барлық спикерлердің айтуы бойынша, болашаққа бағдарды бүгіннен бастап көздеу қажет. Болашақ жалынды жастардың, яғни біздің қолымызда", - дейді олар.