Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының студенттеріне діни сауаттылық туралы дәріс оқылды

Журналистика және саясаттану факультеті, Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының ЦММ-11 тобында топ жетекшісі Г.С.Алгалиеваның ұйымдастыруымен "Бір ел, бір халық, бір тағдыр" атты кездесу өткізілді. Студенттерге Нұр-Сұлтан қалалық Дін проблемаларын зерттеу орталығының бөлім басшысы Серікбаева Гульмира Иманәліқызымен түрлі жат ағымдардан сақтану жолдары, діни сауаттылық туралы дәріс оқып, слайдтар көрсетті. Білім алушылар өздерінің көңілдерінде жүрген түрлі сұрақтарға жауап алды.