Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының ұжымы балаларға арнап Наурыздық сыйлық таратты

Наурыз мерекесіне орай Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасы дәстүрлі Наурыз көже мен ұлттық тағамдар әзірлеп қана қоймай, жаңа дәстүр қалыптастыру үшін қадам жасады! 

Ұлттық құндылықтың қадірін асыру мақсатында кафедра ұжымы балаларға Наурыздық - жаңа жылдық сыйлықтар әзірледі. 

Идеяны Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының оқытушысы, доцент, жазушы Оңайгүл Тұржан ұсынды.

 

 

 Оңайгүл Ізтұрғанқызы:

- Новый годтың сыйлығын шыршамен бірге балалар қалай күтетін болса, Наурыздық сыйлықты енді одан да ерекше ықыласпен күтетін болады. Наурыздық сыйлықтың ерекшелігі ол ұлттық тағамдардан жасақталған: жент, құрт, ірімшік, қазақстандық шоколад, ойыншық бар. Келер Наурызда барлық мекемелер өз ұжымдарының балаларына осындай сыйлықтар даярласа деген ұсыныс айтамыз.